Ақтау орталығын қарақұрт басты

Ақтау орталығын қарақұрт басты  , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 11:06 Сурет: Леонид Ким/ҚР БҒМ Зоология институты
Ақтауда қала орталығында қарақұрт қаптап жүр. Желіде тараған бейне дүйім жұртты дүрбелеңге салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бейне 17 маусым кешкі уақытта түсірілген. Кадрда қара түсті өрмекшінің демалып отырған адамдардың қасында жүргені анық көрінеді.

Lada.kz порталының жазуынша, ақтаулықтар бұл жағдайға алаңдаулы, себебі мұндай улы жәндіктің қаланың дәл орталығында кездесуі бұрын-соңды тіркелмеген.

Бұл ретте, ҚР Зоология институтының мамандары қарақұрттан қалай сақтану керектігін айтып өтті:

  • Қарақұрттар көбіне шөлді, тасты, шөптесін жерлерді мекендейді;
  • Олар жиі көлеңкелі, адам аз жүретін жерлерде тығылады;
  • Табиғат аясында демалғанда төсеніш, киім, аяқ киімді мұқият қарап шығу қажет;
  • Қарақұрт шағып алса, дереу дәрігерге жүгіну керек.

Бұған дейін Оралда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: