Тоқаев Словения президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Словения президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 09:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 25 маусымда Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

"Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Бұған дейін Тоқаевтың отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: