Қарағанды облысында экологияға залал келтірген ГРЭС-тен 55 млн теңге өндіріп алынды

Түтін, күл, шаң, ГРЭС, Қарағанды облысы, Топар ауылы, айыппұл, экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 21:07 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысында күл шаңынан көз ашпайтын Топар ауылы тұрғындарының шағымынан кейін ГРЭС-ке ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша өңірлік экология департаменті "ТОПАР ГРЭС" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген.

"Күл үйіндісін қалпына келтіру (№ 4Б секция), алаңның 53%-ын экологиялық рұқсатсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілгені анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі және 332-бабының 1-бөлігі бойынша жалпы сомасы 55,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар өндірілді", делінген құзрлы ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Өскемендегі титан-магний комбинатына 24 млн теңге айыппұл салынғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: