Алматы маңындағы аспанды торлаған қою түтін: не өртеніп жатыр

Пожарная часть, пожарная служба, пожарный, пожарные, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 13:22 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 30 маусым күні күндіз Алматыда өрт болды, оның түтіні қала тұрғындарын алаңдатып қойды. Толығырақ ақпаратта.

Zakon.kz редакциясына өрттің видеосын куәгерлер жолдады.

"Шығыс айналма жолда бір нәрсе жанып жатыр, Оренбург аялдамасы маңында", – делінген жолданған хабарламада.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі жеке тұрғын үйдің өртенгенін хабарлады.

"Бүгін сағат 12:15-те өрт сөндірушілер Медеу ауданындағы Морозов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырындағы өртті сөндірді. Жалпы өртенген аумақ – 85 шаршы метр", – деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған ер адамның құтқарылғанын жазғанбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: