Тоқаев "Антикордың" бұрынғы төрағасына алғысын білдірді
Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
"Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді", – деп 2025 жылдың 1 шілдесінде Telegram арнасында жазды.
2025 жылғы 30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Құжаттан президенттің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіру арқылы Антикорды қайта құру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript