Семейде мейрамханадан шыққан өртті сөндіруге ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды

Өрт, Семей, мейрамхана, ұшқышсыз ұшу аппараты , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 21:20 Сурет: видеодан алынды
Семейде мейрамханалардың бірінде қабырға аралық қуыста жылытқыш жанып, от ғимараттың қабырғаларының, төбесінің және шатырларының ағаш конструкцияларына, сондай-ақ шатырдың астында бірге орналасқан жапсарлас дүкеннің төбесіне де тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы шамамен 270 шаршы метрді құрады.

"ТЖМ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің одан әрі таралуының алдын алып, ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік туды. Күштер мен құралдарды үйлестіру және барлау үшін ұшқышсыз ұшу апараты жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Таразда құтқарушылар өртенген пәтер ішінен әйел адамды аман-есен сыртқа алып шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: