Шымкентте қылмыстық топ жойылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 10:58 Фото: Zakon.kz
Полиция қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Тергеу барысында ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан қылмыстық топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада ақша қаражаты болуы мүмкін жерлерді үнемі талдап жүргені анықталды.

Сонымен қатар ол түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, "қорғағаны" үшін заңсыз түрде ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды.

Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар бес тұлға анықталды, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Іс-шара прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: