12 жыл іздеуде жүрген қазақстандық азамат Дубайдан қайтарылды

Денсаулығына орташа ауырлықтағы зиянкелтірген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 10:27 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан бұзақылық ниетпен адамға орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген күдіктіні қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, ер адам 2012 жылдың 25 наурызында Теміртауда ер адамды себепсіз қатты соққыға жығып, жақ сүйегін екі жерінен сындырған деген күдікке ілінген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды", – Бас прокуратура 2025 жылғы 8 шілдеде хабарлады.

Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды.

2022-2023 жылдар аралығында Алматыда Wildberries компаниясына инвестиция салып, сыйақы береміз деген желеумен алты адамның ақшасын иемденіп алған Қазақстан азаматы да БАӘ-ден қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: