Сауда Арабиясында пауэрлифтингтен Әлем чемпионатының жүлдегері, отандық спортшы ұсталды

Сергей Веселов, Сауда Арабиясы, пауэрлифтинг, Әлем чемпионатының жүлдегері, жас спортшы  , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 14:36 Сурет: ektu.kz
19 жастағы қазақстандық спортшы, пауэрлифтингтен Әлем біріншілігінің жүлдегері және Азия чемпионы Сергей Веселовты Сауд Арабиясының құқық қорғау органдарының өкілдері ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшынының не үшін және қашан ұсталғаны белгісіз. Ұлының тұтқындалғанын айтып, көмек сұраған жас спортшының әкесі әлеуметтік желіде үндеу жариялады.

Евгений Веселовтың айтуынша, оның ұлы 19 маусымда Астанадан Ыстамбұлға ұшып кеткен. Содан кейін белгісіз себептермен ол Сауд Арабиясына, яғни Медина қаласына ұшқан. 26 маусымнан бастап онымен байланыс үзіліп, ол із-түссіз жоғалып кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР СІМ өкілдерін тарта отырып, ресми талқылаулар жүріп жатыр. Соның барысында жас жігітті Мединада құқық қорғау органдары өкілдерінің ұстағаны белгілі болды.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: