Талдықорғандағы газдың ағуы видеоға түсіп қалды: бұл туралы не белгілі

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, сигарета, курильщик, курильщики, электронные сигареты, электронная сигарета, вейп, вейпы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 09:27 Фото: unsplash
Талдықорғанда 10 шілдеде газ шығып, апат болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жер астынан ірі көлемде газ ағып жатқан видео тарады.

"5-шағын ауданның маңында, Желтоқсан мен Астана көшелерінің маңында газ шықты. 104-ке хабарластық. Иісі мұрын жарады", – делінген сипаттамада.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"2025 жылдың 10 шілдесінде Төтенше жағдайлар қызметіне газ иісі шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жерасты жоғары қысымды газ құбырының тарату желісінен жанбаған газдың ағып жатқанын анықтады. Оқиға салдарынан өрт болған жоқ. Газдың шығуы жедел түрде жойылды, – деп департаменттен хабарланды.

Оқиға орнында апаттық газ қызметі жұмыс істеп жатыр. Жағдай мамандардың толық бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: