Қосшыда әйел қарызынан құтылу үшін жалған ұрлық ұйымдастырды

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие, насилие, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 09:45 Фото: pexels
Қосшы қаласының тұрғыны өз енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, құрбысының алдында ақшалай қарызынан құтылған.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, кейіннен бұл оқиғаны ол ененсінен жасыру үшін үйіндегі заттарды шашып, жалған ұрлық ұйымдастырып, полицияға хабарлаған.

Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, полиция бөлімі тергеушісінің кәсібилігінің және істі егжей-тегжейлі тергеп-тексеруінің нәтижесінде оқиғаның шынайы мән-жайы анықталды.

Нәтижесінде азаматша "Н" қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бұндай қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны туралы прокуратура ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: