Бозымбаев Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеудің қайта жандануына қатысты пікір білдірді

Bek Air, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 12:55 Сурет: ТЖМ ҚР
2025 жылғы 7 тамызда өткен Үкіметтегі баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Bek Air әуеапатына қатысты тергеудің қайта басталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер вице-премьерден тергеудің қайта басталу себебін, қандай жайттар анықталатынын және қаза тапқан ұшқыштардың туыстарына жәбірленушілерге өтемақы төлеу міндетін жүктеу қаншалықты әділетті екенін сұрады.

"Әділетті ме, жоқ па – бұл сұраққа сот жауап беруі тиіс. Мүмкін, ұшқыштардың кінәсі болмауы да ықтимал. Бұл тергеу нақты шешім шығарып, нүкте қоюы керек. Көптеген адамның өмірі қыршын кетті. Bek Air-дің артында кім тұрса да, қаншалықты ықпалды болса да, менің жеке пікірім – әділеттілік орнауы тиіс. Адамдар өз туыстарының қазасы үшін өтемақы алуы керек", – деді Бозумбаев.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда таңертең Алматы маңында Bek Air компаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алматы – Астана бағыты бойынша ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген бойда биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, жерге құлаған болатын. 12 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: