Мемлекет басшысы Мажарстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 20 тамызда Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жеделхатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында өркендей беретініне сенім білдірді.
Бұған дейін 22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен баратындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript