Қырғызстанда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қырғызстанда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 11:18 Сурет: akorda.kz
Қырғызстанда 2025 жылғы 22 тамызда ресми сапармен келген Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, салтанатты қарсы алу рәсімі "Ынтымақ Ордо" резиденциясында өтті.

Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, 21 тамызда Манас халықаралық әуежайына ұшып келген мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың өзі қарсы алған болатын. Мемлекет басшысы 22 тамыздағы ресми сапарын "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден бастағынын жазғанбыз. Артынша, президент Шыңғыс Айтматовтың рухына Құран бағыштады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: