Перизат Қайраттың мүлкі аукционға қойылады
Фото: pixabay
Қор ашып, халықтан ақша жинап, қаржыны талан-таражға салған Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады.
Яғни, элиталы пәтерлер, қымбат көліктер мен бренд әшекей бұйымдар ашық саудаланады. Саудадан түскен қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі. Істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған болатын.
Еске салайық, 25 шілде күні "Біз біргеміз" қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды. Олар қор қаржысын өз пайдасына жаратты деп айыпталды. Келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал сот процесі кезінде Перизат Қайрат атаған тұлғаларға қатысты іс жүргізілмейді. Себебі қор қаражатын жымқырған басқа тұлғалар анықталмаған. Бүгін Сенатта журналистердің сұрағына жауап берген қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары осылай деді.
"Тергеу барысында қор қаржысын жымқырған өзге тұлғалар анықталған жоқ. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі." Жеңіс Елемесов, ҚР ҚМА төрағасының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript