Сыртқы істер министрі мен кәсіпкердің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы орталығы еліміздегі Сыртқы істер министрі мен кәсіпкердің ұсталғаны жөнінде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 15:07 Сурет: freepik
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы орталығы еліміздегі Сыртқы істер министрі мен кәсіпкердің ұсталғаны жөнінде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды:

Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында таратылған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Орталық ресми мәлімдейді: әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады.

Азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату және оның таралуына жәрдемдесу үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін қарастырылғанын еске саламыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: