Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 15:06 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, оның елімізге Парламент Төрағасы ретіндегі алғашқы сапары екіжақты байланысты нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.

Президент былтыр қазан айындағы Моңғолияға жасаған сапарының нәтижесінде Үкімет пен түрлі мекемелер арасындағы қарым-қатынас күшейе түскенін айтты. Сондай-ақ жақында Қытайда өткен ШЫҰ саммиті аясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен аз-кем әңгімелескенін жеткізді.

"Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз. Екі ел арасындағы берік достық пен стратегиялық әріптестіктің тамыры тереңде жатыр. Себебі біздің салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз ұқсас. Тарихымыз да ортақ. Сондықтан ынтымақтастықты барынша нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, сан қырлы қарым-қатынасты дамыту ісінде Парламент дипломатиясы маңызды рөл атқарады. Бұл ретте Қазақстан достас Моңғолия елімен стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға мүдделі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: