Сойылған ақбөкендердің ішек-қарыны далаға тасталғаны рас па? Экология министрлігі мәлімдеме жасады

Ақбөкен, Қостанай облысы, сою, ішек-қарын, Экология министрлігі, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2025 16:09 Сурет: wikimedia
Экология министрлігі Қостанай облысында ақбөкендерді сою кезінде алынған ішек-қарын, өзге де бөлшектердің далаға тасталғаны туралы желідегі ақпаратты тексергендерін айтып, оның қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство 2025 жылғы 6 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелді ауданында қалдырылған киік қалдықтары туралы тараған ақпаратқа байланысты келесіні хабарлайды:

"Аталған фактіні тексеру мақсатында әкімдік пен ветеринария қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жедел түрде оқиға орнына жіберілді, ұша қалдықтары анықталған жоқ. Аумақты тексерудің комиссиялық актісі жасалды. Осылайша, ішкі бөліктерді одан әрі кәдеге жаратусыз мал сою орнында қалдыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды".

Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны және оны таратуға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Бұған дейін 800 мың ақбөкенді сою үшін ет комбинаттарына жеткізу жоспарланып отырғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: