Алаяқ жәбірленушіге 17 мың рет қоңырау шалған
Фото: pexels
2025 жылы ең "табандылық танытқан" телефон алаяғы Ресейдегі бір жәбірленушіге 17,6 мың рет қоңырау шалуға әрекеттенген. Қылмыскердің шабуылы сегіз сағатқа созылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дағыстан Республикасының тұрғынына минутына орта есеппен 36 қоңыраудан түскен. Оқиға маусым айында болған.
Телефон компаниясының РИА Новости агенттігіне хабарлауынша, клиент тіпті өзіне қандай да бір қауіп төнгенін білмеген де.
Мамандардың айтуынша, алаяқтардың ең жиі нысанасына егде жастағы адамдар айналады.
Айта кетейік, 10 қыркүйекте Жетісу облысында бір қылмыстық топ қазақстандықтардың телефон нөмірлеріне қол жеткізіп, олардың атына миллиондаған теңгелік несие рәсімдегені хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript