Шымкентте есірткі плантациясы жойылды

Шымкент тұрғыны есірткі плантациясын көкөністер арасында жасырған. , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 12:54 Сурет: ҚР ІІМ
Шымкент тұрғыны есірткі плантациясын көкөністер арасында жасырған.

Аталған жайтты полицейлер "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен анықтады.

Қаланың шетінде орналасқан егістік алқабында көкөністердің арасынан жалпы салмағы 127 келіні құрайтын 52 түп сора өсімдігі мен марихуана табылып, тәркіленді.

Анықталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты қарқынды жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: