Тоқаев Digital Aqmola орталығында болды

Тоқаев Digital Aqmola орталығында болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 18:41 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Aqmola орталығында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды.

Президент "103", "109", "112" жедел қызметтерін ортақ платформаға топтастырған І-Komek бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты.

Digital Aqmola жобасы көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға орталықтандырылған мониторинг жүргізеді. 

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: