Алматыдағы "Байсат" базары саудаға қойылды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2025 14:39 Сурет: pixabay
Қайрат Сатыбалды қайтарған "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығының үлесі E-Qazyna порталында ашық электрондық саудаға шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 18 қыркүйекте "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" (ҚУВА) ЖШС-де мәлімдеді.

"Аукцион өткізу күні: 2025 жылғы 18 қараша, сағат 10:00 (Астана уақыты бойынша). Бастапқы баға: 28 639 882 000 теңге", – делінген хабарламада.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының өкілдері атап өткендей, сауда компанияның қайтарылған активтерді басқару аясында жүргізіліп жатыр. Түсетін қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам мүддесі үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыға қатысты жүргізілген сотқа дейінгі тергеу барысында ол өзіне тиесілі "Байсат" базарының едәуір бөлігін мемлекетке өз еркімен қайтарған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: