2 млрд теңгеге арзандады: мемлекетке қайтарылған "Байсат" базары Алматыда қайта саудаға шығарылды

2 млрд теңгеге арзандады: мемлекетке қайтарылған “Байсат” базары Алматыда қайта саудаға шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 15:24 Сурет: sauda.e-qazyna.kz
Алматы қаласында "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі үлес электронды сауда алаңына қайта қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, мемлекеттік sauda.e-qazyna.kz электронды алаңында аталған серіктестік үлесін сатуға арналған қайталама аукцион жарияланған.

Берілген ақпаратқа сәйкес:

  • Сауда күні: 2025 жылғы 26 желтоқсан
  • Басталу уақыты: 11:00
  • Бастапқы баға: 26 706 317 643 теңге

Бұл сома 18 қарашада өткізілген алғашқы аукциондағы бағадан шамамен 2 млрд теңгеге төмен. Онда бастапқы құны 28 639 882 000 теңге болып бекітілген еді.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу шеңберінде оның бақылауындағы "Байсат" базарының негізгі бөлігі мемлекетке ерікті түрде қайтарылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: