Шымкентте полиция ірі қылмыстық схеманы әшкереледі

Полицейский пистолет, пистолет полицейского, полиция, полицейский, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 11:38 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы жүргізілген жұмыстар аясында Шымкент, Алматы және Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын 141 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық топтың 4 қатысушысы ұсталды. Оның ішінде: топ басшысы, яғни ұйымдастырушы; дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан екі қатысушы; сондай-ақ қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Іс-шара қалалық прокуратураның үйлестіруімен өткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: