Алматыда Chevrolet жүргізушісі полицейлерден қашпақ болып, сайға құлап кетті

Алматыда Chevrolet жүргізушісі полицейлерден қашпақ болып, сайға құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 16:34 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 22 қыркүйек кешке Алматыда полицейлер Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісін қуалауға мәжбүр болды. Полицияның тоқтау туралы заңды талабын елемеген жүргізуші қашу барысында тар жолда басқаруды жоғалтып, сайға құлап түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абырой болғанда, сол сәтте жолда жаяу жүргіншілер болмаған, сондықтан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек енді жеке үй иесіне қоршауын қалпына келтіруге тура келеді.

Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшісі оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Сурет: Zakon.kz

Ведомствоның нақтылауынша, оқиға Алматы қаласының Медеу ауданында болған.

"Полиция қызметкерлері тоқтау туралы заңды талапты орындамаған жүргізушінің құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесті. Көлік қоршалып, оның ішіндегі барлық тұлғалар ұсталды", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ көлікті тексеру барысында есірткіге ұқсас заттар мен оларды тұтынуға арналған құралдар табылып, тәркіленгені хабарланды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Мас күйде көлік жүргізетін немесе тыйым салынған заттарды тасымалдайтын жүргізуші айналасындағылар үшін үлкен қауіп төндіреді. Бұл жағдайда біздің қызметкерлердің жедел әрекеті құқық бұзушылықтың жолын кесіп, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Алматыда ішінде балалар отырған Lexus көлігі автобус аялдамасына соғылғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: