Тоқаев Нью-Йоркте Монако Князьімен кездесті

Тоқаев Нью-Йоркте Монако Князьімен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 22:02 Сурет: akorda.kz
Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездескен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: