Астанада алапат өрт болды: кадрлар, өрт аумағы және ТЖМ түсіндірмесі
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында қойма ғимаратының шатыры өртенді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) өрт болған жерден кадрлар жариялап, жалын аумағы мен өзге де мәліметтерді атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның дерегіне сүйенсек, Байқоңыр ауданындағы Толстой көшесінде орналасқан қойма нысанының шатыры отқа оранған.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімшелері жедел жұмыс жүргізіп жатыр. Жасырын от ошақтарын болдырмау мақсатында конструкцияларды бөлшектеу және су құю жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде ашық жалын оқшауланып, өрттің көршілес нысандарға таралуына жол берілген жоқ., – делінген ТЖМ Telegram-арнасында 12:29-да жарияланған ақпаратта.
Жарияланымнан 50 минут өткен соң министрлік өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Жалын 280 шаршы метр аумақты қамтыған.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Оқиға орнында шамамен 50 қызметкер мен 14 арнайы техника жұмылдырылған.
Бұған дейін Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылатындығын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript