Экс-банкир Жомарт Ертаевты босату туралы шешімнің күші жойылды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 11:50 Фото: Zakon.kz
Алматы облыстық соты бұрынғы "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Жомарт Ертаевқа амнистия қолдану мәселесіне қатысты материалды апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алатау қаласының соты 2025 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысымен Ертаевты "Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы" заңның 3-бабының 6-тармағына сәйкес 11 ай 16 күн өтелмеген мерзімінен босатқан болатын.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі 2025 жылғы 2 қазанда түсіндіргендей, аталған тармаққа сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, теріс мінез-құлық деңгейі жоқ сотталғандарға жазаны өтеуіне бір жылдан аз қалған жағдайда өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады.

Алайда сот алқасы материалды зерттей келе мынаны анықтады:

  • Ертаев екі үкіммен сотталған – 2020 жылғы 16 қарашадағы және 2021 жылғы 3 наурыздағы;
  • Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2021 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен осы үкімдердің жиынтығы бойынша жаза мерзімі белгіленген;
  • Алайда аталған қаулыда бірінші үкім бойынша өтелген жаза мерзімі есепке алынбаған, Ертаевқа жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген;

Алатау қаласы сотының қаулысы мен №14 мекеме анықтамасындағы өтелмеген жаза мерзімдерінде айырмашылықтар бар;

Сонымен бірге мекеме анықтамасы басшының қолымен бекітілмеген.

Осы мән-жайларға байланысты сот Ертаевқа амнистия қолдану туралы қаулының күшін жойып, оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, экс-банкир Жомарт Ертаевқа алғашқы үкім 2020 жылғы қарашада Алматыда шыққан. Ол "Bank RBK"-ға тиесілі 144 млрд теңгені жымқырды деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында мүлкін тәркілей отырып 11 жылға бас бостандығынан айырылған. 2021 жылғы наурызда оған қатысты екінші қылмыстық іс бойынша тағы үкім шығарылып, 9 жылға сотталған. Жиынтық мерзім – 11 жыл. Ал 2021 жылғы мамырда Ертаевтың жаза мерзімі 9 жылға дейін қысқартылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: