Ақмола облысында полицейлер ұрыны "ізін суытпай" ұстады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 12:30 Фото: Zakon.kz
4 қазанда полиция қызметкерлері Щучинск қаласында жергілікті дүкенді тонады деген күдіктіні "ізін суытпай" ұстады.

Сатушы қылмыс туралы полицияға хабарлауға да үлгермеді, патрульдік полицейлер дүкеннен қолында пакеті бар, жүгіріп шыққан ер адамды байқап, дереу оны ұстап алды.

Сатушы әйелдің бір минутқа назары басқа жаққа аударғанын пайдаланып, кассадан 200 мың теңге көлемінде ақшаны ұрлап, көшеге жүгіріп шыққан.

Осы уақытта жақын маңдағы аумақты күзеткен полицейлер, бірден әрекет етті. Ұрланған ақша, сондай-ақ ас үй пышағы заттай дәлел ретінде тәркіленді.

Ұсталғаннан кейін бірден оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, ер адам одан әрі қарай тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезеңінде ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: