Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

Россия и Казахстан, РФ и РК, флаги России и Казахстана, флаги РФ и РК, Казахстанско-российские отношения, отношения России и Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 14:06 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 14 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.

Айта кетейік, екі елдің президенттері 10 қазан 2025 жылы Душанбе қаласында өткен Тәжікстандағы халықаралық іс-шара аясында кездескен болатын. Бұған дейін, 7 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен телефон арқылы құттықтаған еді.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: