Қазақстандықтар миллиондап ақша төлеп, демалыссыз қалды
Фото: unsplash
Қарағанды облысында 35 қазақстандық демалыс ұйымдастыру үшін турфирмаға миллиондаған теңге төлеп, ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші болып полицияға 53 жастағы қарағандылық әйел жүгінген. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ол турфирмаға 900 мың теңге төлегенімен, жоспарланған сапар жүзеге аспаған.
"Аталған дерек бойынша "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында бұл жалғыз жағдай еместігі анықталды — полицияға аталмыш агенттіктің тағы 34 клиенті арызданған", – делінген 17 қазанда таратылған ақпаратта.
Жалпы шығын көлемі 52 миллион теңге шамасында.
Полиция мәліметінше, ұсталған күдікті өз әрекетін валюта бағамының өсуіне байланысты қаржылық қиындықтар туындағанымен түсіндірген.
Айта кетейік, бұған ұқсас жағдайда басқа бір қазақстандық әйел, өзін емші ретінде таныстырып, "емделушілерін" оның атына 579 миллион теңге көлемінде несие алуға көндірген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript