Қазақстанда тоғыз айда 26 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді – ІІМ

Дорожно-транспортное происшествие с детьми, ДТП с детьми, авария с ребенком, ДТП с ребенком, детский самокат, сбитый ребенок, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2025 13:04 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде 2025 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары талқыланған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Отырыста айтылған мәліметке сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында еліміз бойынша 26 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жол апаттарынан қаза тапқандар санының азаюы байқалады. Алайда министр әр санның артында адам өмірі тұрғанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министр:

  • трассалардағы патрульдеуді күшейтуді,
  • патрульдік нарядтардың санын арттыруды,
  • патрульдеу маршруттарын қайта қарауды,
  • жол қозғалысын бақылауда цифрлық шешімдерді белсенді енгізуді тапсырды.

Еске салайық, 18 қазанға қараған түні Алматы қаласында BMW және Chevrolet Cobalt көліктерінің соқтығысуы салдарынан бірнеше адам зардап шеккен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: