Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала туды

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 11:58 Фото: pexels
Түркістан облысының Келес ауданында 15 жастағы оқушы қыз 71 жастағы көршісінен босанды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жергілікті CMN ақпараттық парақшасының хабарлауынша, қыздың жүктілігі туралы туыстары жүктіліктің жетінші айында ғана білген. 2025 жылдың ақпан айында жасөспірім қыз бала босанған.

Кейін оқиғаға байланысты ауыл тұрғындары күдіктіні елдімекеннен кетіруді талап еткен.

Бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген Түркістан облыстық полиция департаменті оқиғаның 21 қазанда тіркелгенін мәлімдеді.

"Келес ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты заңға қайшы әрекет жасалғаны туралы полицияға арызданған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген полицияның хабарламасында.

Қазір барлық қажетті тергеу және сараптамалық шаралар жүргізілуде. Істің мән-жайы толық анықталған соң процессуалдық шешім қабылданады.

"Іс барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", — деп қосты ведомство.

Айта кетейік, 17 қазанда Атырау облыстық соты 7 жасар қызды зорлап, өлтірген ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: