Түркістан облысындағы оқиға: полиция 71 жастағы зейнеткерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 15:08 Фото: unsplash
Түркістан облысындағы кәмелетке толмаған қыздың егде жастағы туысынан босанғаны туралы жаңалық қазақстандық қоғамды дүр сілкіндірді. Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бала құқықтары жөніндегі уәкілдің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 21 қазанда бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бұл оқиғаға қатысты кейбір мәліметтерді жариялаған болатын. Оның айтуынша, қыз биыл қаңтар айында Астанада босанған. Сол кезде аурухана бұл фактіні елордалық полиция департаментіне хабарлаған, ал іс кейін аумақтық бағыныстылығына қарай Түркістан облысына жіберілген. Алайда, Закиеваның мәліметінше, Келес аудандық полиция бөлімі істі "номенклатуралық іс" ретінде тіркеп қойған. Осыған байланысты ІІМ мен облыстық прокуратура тексеру бастаған.

Полиция департаменті өз нұсқасын ұсынды:

"2025 жылдың қыста қыз бала жүкті болып, Астанадағы медициналық мекемеге жүгінген. Ол және анасы бастапқыда жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болған деп түсіндіріп, тергеуді шатастырған. Сондай-ақ олар арыз жазудан және сараптама жүргізуден бас тартқан. Алайда 2025 жылғы 12 қазанда жәбірленушінің анасы 70 жастағы туысына қарсы арыз түсірді. Осыдан кейін Келес аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттер дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген хабарламада.

Полиция күдіктінің қамауға алынғанын растады.

"Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Түркістан облысының Келес ауданындағы ауылдардың бірінде 15 жастағы қыздың 71 жастағы көршісінен жүкті болып, босанғаны туралы ақпарат тараған. БАҚ деректеріне сәйкес, күдікті қыздың туған нағашысы болып шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: