Маңғыстау облысындағы колонияға тыйым салынған затты алып кіру әрекеті әшкереленді

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 15:13 Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде бақылау және тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған заттарды ішке өткізудің екі дерегін анықтап, жолын кесті.

Тексеру барысында қорғаушы ретінде келген азаматтың бас киімінен фольгамен оралған ұялы телефонның аккумуляторы мен SIM-карта табылды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді.

Тағы бір жағдай басқа тергеудегі азаматқа арналған сәлемдемені қабылдау кезінде орын алды. Сәлемдеме әкелген әйелдің дәрі-дәрмек салынған қара түсті полиэтилен пакетінің ішінен жасырылған ұялы телефон анықталды.

Аталған екі факті бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа жолданды.

Полиция ескертеді: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұялы телефондар мен олардың құрамдас бөліктерін, сондай-ақ өзге де тыйым салынған заттарды алып кіруге жол берілмейді. Мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: