Талдықорғанда полицейлер есірткі сату дерегін анықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 09:27 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында полицейлер есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы Талдықорған қаласында жүргізген жедел іс-шара барысында күдіктіні қолға түсірді.

Биыл ақпан айында полицейлерге тыйым салынған заттарды таратуға қатысы бар адам туралы ақпарат түскен. Тергеу кезінде күдіктінің жеке заттарын тексеру барысында жалпы салмағы 6 грамнан асатын α-PVP есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде ұқсас есірткі затының қосымша партиясы анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 5 грамнан астам болды.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: