Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты жаза күшейтілді – ІІМ

Трудовое рабство, эксплуатация труда, эксплуатация людей, похищение людей, рабство, принудительный труд, торговля людьми , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 13:29 Фото: pexels
Қазақстанда қыз алып қашу және мәжбүрлі некеге тұрғызу әрекеттері үшін жаза күшейтілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап – "Неке қиюға мәжбүрлеу" енгізілді. Енді адамды еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында ұрлау ауыр қылмыс ретінде қарастырылады. Мұндай әрекет үшін кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал ауыр жағдайларда жаза он жылға дейін ұлғаяды.

Бұрын заңда жәбірленушіні өз еркімен босатқан жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма бар еді. Енді бұл ереже жойылды, яғни жәбірленушіні босату кінәліні жауапкершіліктен құтқармайды.

Жаңа өзгерістер күшіне енгеннен кейін ішкі істер органдары Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында некеге мәжбүрлеу фактілері бойынша жеті қылмыстық іс қозғаған. Нәтижесінде 15 адам ұсталды, қазіргі таңда әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ІІМ азаматтарды зорлық-зомбылық пен некеге мәжбүрлеу жағдайларына бейжай қарамауға шақырды. Мұндай деректер туралы білген жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажет.

Министрлік қыз алып қашу фактілерінің алдын алу және әйелдерді зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: