Атырау облысында жанар-жағармай құю бекетінде автобус өртенді

Өрт, Атырау облысы, Доссор, жанар-жағармай құю бекеті, автобус  , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 15:09 Сурет: ҚР ТЖМ
Бүгін, 2025 жылы 16 қарашада Атырау облысындағы Доссор елдімекенінде жанар-жағармай құю станциясының аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

112 дабыл пультіне хабарлама келіп түсіп, оқиға орнына тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.


"Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанар-жағармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алды алынды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт қысқа мерзімде сөндірілді", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ екені де нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: