Атырау облысында жанар-жағармай таситын көлік өртенді

Өрт сөндіру, Атырау облысы, Құлсары, жанар-жағармай таситын көлік , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 18:15 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
4 қарашада Атырау облысы, Құлсары қаласында айналма жолдың жанында орналасқан жанар-жағармай құю станциясының аумағында жанаржағармай таситын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі оттың дөңгелектен басқа дөңгелекке тез тарап, жанар-жағармай толы цистернаның жарылу қаупін ұлғайтты.

"Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері келді. Құтқарушылар цистернаны суыту үшін көбікті қолданып, отты дереу сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және батыл іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзім ішінде толығымен сөндірілді", делінген хабарламада.

Бұған дейін ШҚО-дағы ЖШС-лардың бірінің аумағында алапат өрт болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: