Павлодарда мас ер адамның табиғат аясындағы демалысы қайғылы оқиғаға ұласа жаздады

Құтқару, Павлодар, Усолька, мас, ер адам, мұз, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 19:58 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
ТЖД қызметкерлері Павлодар қаласында Усолка өзенінде болған жазатайым оқиғаның алдын алды. 1981 жылы туған ер адам мас күйінде мұз қатқан өзен бетіне шығып, өз өміріне қауіп төндірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өзен бетіндегі мұз жұқа болған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп және арнайы жабдықты пайдалану арқылы азаматты жағалаудың қауіпсіз жеріне алып шықты және оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына мұз қату кезеңінде су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтаудың қажеттілігін еске салады.

"Жұқа мұзға шығу өте қауіпті, әсіресе тұрақсыз температура жағдайында. Мас күйінде мұз үстіне шығу қауіпті одан бетер арттырады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Алғабас ауылындағы трагедияға байланысты үкіметтік комиссия отырысы болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: