СҚО-да екі ер адамның төбелесі қайғылы оқиғаға ұласты

Пышақ, СҚО, Тайынша ауданы, ер адам, қайғылы оқиға, төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 21:37 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында ер адамды пышақтап кетті. Кісі өліміне әкеліп соқтырған пышақ жарақаты марқұмның кеуде тұсына сұғылған. Қайғылы оқиға 2026 жылдың 16 ақпанында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7152.kz порталының мәліметінше, қайғылы оқиға Тайынша ауданының орталығындағы Садовая көшесіндегі жеке үйде, сағат 13:00 шамасында болды. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен адамға көмектесе алмады, себебі кісі өлімі дәрігерлер келгенге дейін тіркелген. Кейбір ақпаратқа сүйенсек, марқұм 55 жаста болған.

"Жеке үйлердің бірінде екі ер адам арасындағы жанжал болып, олардың бірі пышаққа түсіп, оқиға орнында жан тапсырды. Ал екіншісі ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын нақтылады. Қазір қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары жан-жақты зерделеніп, анықталуда.

Бұған дейін анасының сүйіктісін өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шыққаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: