Анасының сүйіктісін өлтірген жасөспірімге үкім шықты

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 10:08 Фото: Zakon.kz
Бакуде (Әзербайжан) 16 жастағы жасөспірім анасының азаматтық некедегі күйеуін өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында Баку қаласына жақын орналасқан Рамана елді мекенінде болған. Құқық қорғау органдары жергілікті тұрғын Эмиль Алиевтің қаза тапқаны туралы ақпарат алған.

Тергеу барысында ер адамның өзі азаматтық некеде бірге тұрған әйелдің 16 жастағы ұлы тарапынан пышақ жарақатын алып, көз жұмғаны анықталды.

Іс Бакудің ауыр қылмыстар жөніндегі сотында қаралды. Соңғы сот отырысында судья Роман Алекберлидің төрағалығымен мемлекеттік айыптаушы сөз сөйледі.

Прокурор жасөспірімді 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот алқасы кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін, жасөспірімді 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұған дейін Әзірбайжанда үш жасар бүлдіршін көліктің ішінде қамалып, тірідей өртеніп кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: