Оқушы жүктілігі: Ақтөбеде аудандық білім басқармасының басшысы қызметінен айырылды

Мектеп, оқушы, жүктілік, Ақтөбе облысы, аудандық білім басқармасы, басшысы, қызметінен қуылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 20:56 Сурет: freepik
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында білім саласына жауапты басшы жұмыстан қуылса, аудан әкімінен бастап, бірнеше лауазымды тұлға қатаң сөгіс жарияланды. Бұған мектеп қабырғасындағы оқушы қыздың жүкті болуы себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған лауазымды тұлғалардан бөлек аудандық аурухана басшысы мен 14 жастағы оқушы білім алған мектеп директоры да қызметтен босауы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 19 қарашада Астанаға келіп жылдық есеп берген Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров айтты, деп хабарлайды КТК.

"Аудандық аурухана басшысын және 14 жастағы оқушы білім алған мектеп директорын қызметтен босату мәселесі де қаралып жатыр". Асхат Шахаров

Айта кетелік, бұл оқиға бір ай бұрын Ойыл ауылында болған. 14 жастағы қыз мектепте жүріп, іші қатты ауырған кезде дәрігер шақыртқан. Тексере келе, оның толғағы ұстағаны, босанғалы жатқаны анықталған. Бұған дейін оқушы үш рет медициналық тексеруден өткенімен, дәрігерлер оның жүкті екенін байқамаған. Тергеу кезінде оқушыға әжесінің азаматтық некедегі күйеуі зорлық көрсеткені анықталды. Қазір айуандыққа барған 64 жастағы зейнеткер қамауда отыр.

"Бізде бірнеше қызметкер жұмыстан босатылды. Аудандық білім бөлімі басшысынан бастап, осыған қатысты қызметкерлерге де шара қолдандық. Қызметкерлерді жұмыстан шығарумен шектелмейміз. Жүйелі түрде мектептегі жағдайды қадағалауымыз керек". Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі

Аталған оқиғадан кейін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мектептерінде гинеколог кеңесін міндеттеу мәселесін қарастыратындарын айтқан

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: