Алғабастағы өрт: аман қалған бала да тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бұл туралы 21 қарашада Түркістан облысы ТЖД хабарлады.
"Гипербариялық орталық Шымкентте орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болды. Санитарлық рейс «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМҚК-ның үйлестіруімен ұйымдастырылды. Рейс барысында Түркістан облысындағы өрт салдарынан зардап шеккен үшінші адам 2018 жылы туған жасөспірімді Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді", делінген облыстық ТЖД-ның 21 қарашасындағы хабарламасында.
Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, зардап шеккен азаматшаны межелі жерге жеткізгені, қону сәтінен кейін азаматша арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылғаны нақтыланады.
2025 жылғы 18 қарашада таңертең Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты жеке үйде өрт шықты. Барлау және өртті сөндіру барысында үйден ес-түссіз жатқан үш адам табылып, эвакуацияланды. Одан бөлек 12 адам өлі күйінде табылды, оның тоғызы - балалар. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланады.
Алғабастағы өрт кезінде зардап шеккендердің екеуі тікұшақпен Шымкентке жеткізілгені хабарланған. Олардың бірі ер адам болса, екіншісі - әйел.