Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2025 жылғы 24 қарашада Акордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алты мемлекеттен келген төтенше және өкілетті елшілердің сенім грамоталары табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 12:49 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 24 қарашада Акордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алты мемлекеттен келген төтенше және өкілетті елшілердің сенім грамоталары табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, сенім грамоталарын келесі елдердің елшілері берді:

  • Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки;
  • Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;
  • Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;
  • Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;
  • Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;
  • Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, "Заң және тәртіп" қағидатына негізделгенін айтты.

Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: