Алматыдағы жаппай жол апаты: көлік толықтай өртеніп, қалада ұзын-сонар кептеліс пайда болды
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Sienna Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытқа қарай қозғалып келе жатып, Жароков көшесіне жетпей қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол кезде ол жол бойындағы бірнеше ағашты қағып, қарсы бағытта келе жатқан Lexus көлігімен қатты соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz
Соққының күшті болғаны соншалық — Toyota Sienna бірден өртеніп кеткен.
Қатты соққыдан Lexus артқа қарай лақтырылып, оның артынан келе жатқан Hyundai Solaris көлігіне соғылған.

Сурет: Zakon.kz
Үш адам ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Таңертең жұмысқа асыққан жүргізушілер Әл-Фараби даңғылының қос бағытында да үлкен кептеліс қалыптасқанын жарыса айтты.
Бұған дейін Алматыда тас тиеген жүк көлігі арыққа түсіп, аударылғанын жазған болатынбыз.