Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларынан сабыр сақтау сұралды

Жолаушылар, Air Astana, FlyArystan, әуе компания, рейс, кешігу, Азаматтық авиация комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2025 09:27 Сурет: Zakon.kz
29 қарашада түнде Азаматтық авиация комитеті Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын сабырға шақырып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының әуе кемелерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жедел түрде жүргізілуде, деп хабарлайды құзырлы ведомство желідегі парақшаларында.

"Қазіргі уақытта инженерлік қызметтер Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының KC 931 және FS 7063 рейстеріне тартылған екі әуе кемесінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартты", делінген хабарламада.

Қалған әуе кемелерінде жаңарту жұмыстары жоспарлы кезең-кезеңімен жалғасып жатыр және жуық арада толық аяқталады. Барлық процедуралар Airbus ұшу жарамдылығы жөніндегі директивасына қатаң сәйкестікте, авиакомпаниялар мамандарының, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тікелей бақылауымен жүргізілуде.

"Барлық қызметтер тәулік бойы жұмылдырылып, жаңарту процесін мүмкіндігінше тез аяқтау және әуе қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр. Авиакомпаниялар ұшу кестесіне әсерін барынша азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда".  Азаматтық авиация комитеті

Жолаушыларға өз рейстерінің өзекті мәртебесін авиакомпаниялардың ресми ресурстарынан алдын ала тексеріп отыру ұсынылады:

  • Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77
  • FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp: +7 702 702 0227)
  • SCAT: +7 7252 99 88 80
  • Qazaq Air: +7 727 356 14 14
  • “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ: +7 7172 79 82 13
  • “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” АҚ: +7 7172 702 999
  • “Алматы халықаралық әуежайы” АҚ: +7 727 228 00 19

Ұшу қауіпсіздігі - басты басымдық. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әуе кемелерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Айта кетсек, 1 желтоқсаннан бастап Алматы – Бангкок жаңа тікелей әуе рейсі ашылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: