"Директор жұмыстан босатылды": СҚО-да мектеп асханаларына тексеріс басталды
Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында мектеп асханаларындағы тамақтан жәндіктердің шығу оқиғасынан кейін облыс бойынша тексерістер басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Petropavlovsk.news мәліметінше, Петропавлда Абай атындағы мектеп-гимназиясында оқушыларға арналған тамақтан жәндіктер шыққаннан кейін, мектеп директоры қызметінен босатылды, ал қазіргі тамақ жеткізушімен жасалған келісімшарт бұзылды.
СҚО әкімі тапсырмасымен қазір өңірдегі барлық мектеп асханалары тексеріліп жатыр. Арнайы ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп, әр мектепте директорлар төрағалығымен ата-аналар қатысатын бракераждық комиссия құрылған.
"Мектеп басшылығының тарапынан тиісті бақылау болмағандықтан Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды. Оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсеткен кәсіпкермен келісім-шартты бұзу рәсімі басталды. Жақын арада мектептегі тамақтандыру қызметтерін көрсетуге арналған жаңа конкурс жарияланатын болады", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі.
Бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript