Бет-жүзін толық тұмшалағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, люди, молодежь, толпа, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 20:59 Фото: Zakon.kz
Елімізде бетін толық жауып жүруге, сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың электр самокат тізгіндеуіне қатысты талаптар күшейтілмек. Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулер топтамасында қарастырылды.

Түзетулерге сәйкес, бет-жүзін толығымен жасырған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алғаш рет анықталған жағдайда ескерту жасалады. Қайталанса — 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни шамамен 40 мың теңге айыппұл салынады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақтың айтуынша, тыйым тек көзден басқа барлық бөлігін бүркеп тастайтын киімге қатысты.

"Бұл – ниқаб. Біз айтып отырған тыйым – бет-әлпетті толық жабуға қатысты. Медициналық маскаға тыйым салынбайды", – деді депутат.

Электр самокатқа қатысты талаптар қатаңдайды

Заң жобасында электр самокатты жалға беретін компанияларға да қосымша міндеттер жүктеледі. Ендігі талаптар:

  • әр самокаттың тіркеу нөмірі болуы тиіс;
  • жалға беруші тұтынушыға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге міндетті;
  • самокатты ретсіз қалдырып, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірілсе, айыппұл салынады;
  • көлік жүретін жолмен самокат айдау үшін міндетті сақтандыру, тіркеу нөмірі және жүргізуші куәлігі қажет;
  • тізгіндеушінің жасы 18-ден жоғары болуы керек.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов былай деді:

"Жолмен жүретіндер міндетті түрде жүргізуші куәлігіне ие болуы керек. Ал саябақ пен арнайы жолақтарда мұндай талап қойылмайды".

Оның айтуынша, жаңа нормаларға сәйкес самокат жүргізушілері көлік жүргізушілерімен бірдей жауапкершілікке тартылады.

Заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенаттың қарауына жолданды. Қолдау тапса, Президентке қол қоюға жіберіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: