Қазақстандықтар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылады
2024 жылғы 26 желтоқсанда Сенат депутаттары жалпы отырыста осы түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген түзетулер жазалау тетіктерін жаңартуға және заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңда 11 бап, оның ішінде ұсақ бұзақылық бойынша қолданылатын әкімшілік жаза түрі ретінде қоғамдық жұмыстар енгізілген. Дербес деректер мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін айыппұлдар қатайтылды, есірткіні медициналық емес қолдануды және банк заңнамасын бұзуды реттейтін жаңа баптар енгізілді.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік, қылмыстық және азаматтық салалардағы істерді қарауды қамтамасыз ететін жаңа кассациялық соттар жұмыс істей бастайды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.